Госорганы

Әзербайжан Президенті Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды — Ильхам Әлиев

Әзербайжан Президенті Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды. Республика Президенті Ильхам Әлиев АӨСШК VI саммитінде осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті мемлекет және үкімет басшылары, ханымдар мен мырзалар! Бәрінен бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК VI саммитіне шақырғаны үшін және қонақжайлығы үшін алғыс айтқым келеді.

Президент Қ.Тоақевтың жуықта ғана Әзербайжанға жасаған сәтті сапары кезінде күн екі жақтың тәртібіндегі өзекті мәселелерді қамтыған жемісті талқылаулар жүргізген едік. Әзербайжан Қазақстанда Президент Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдайды», — деді Әзербайжан басшысы.

Оның айтуынша, 2022 жылдың 9 айында Әзербайжан аумағы арқылы өткен транзит көлемі шамамен 65 пайыз өскен.

«Әзербайжан іске асырып жатқан көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған кең ауқымды жобалар біздің елді әлемдегі маңызды көліктік және логистикалық орталықтардың біріне айналдырды», — деді Ильхам Әлиев.

 

Другие новости

Back to top button