Госорганы

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемі төленуі мүмкін

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін төлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Азаматтық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін нығайту үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жалақысын (10-нан 77 пайызға дейін) арттыру, тұрақты дайындығы үшін үстемеақылар (жалақыдан 10 пайыз) және қосымша ақылар (денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық жалақыдан 70 пайыз мөлшерінде) төлеу мәселелері шешілді. Қазіргі уақытта қызмет өткеру кезінде тұрғын үй төлемдерін және көтерме жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр», — деді Әлихан Смайылов жауабында.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы «Қазавиақорғау» АҚ әуе паркін, Төтенше жағдайлар министрлігін одан әрі дамыту мақсатында «Қазавиақорғау» АҚ-ның 2020-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасы аясында 58 әуе кемесін сатып алу көзделгенін атап өтеді.

«Жалпы, орман шаруашылығы саласында өртке қарсы қорғауды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті үйлестіру жұмысы Үкіметтің бақылауында», — деді Премьер-Министр.

Другие новости

Back to top button