Госорганы

Автономды қазандықтардың 80 пайызы қыс мерзіміне дайын

Биыл елімізде 593 шақырым жылу беру желісін жөндеу жоспарланған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өңірлерде инженерлік инфрақұрылымды жоспарлы жөндеу жалғасып жатыр. Жалпы ел бойынша 593 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланып, 382 шақырымы немесе жоспардың 64,4%-ы (алпыс төрт те төрт пайызы) іске асырылды. 4 өңір (Алматы (15,5%), Маңғыстау (21,3%), Қызылорда (47,9%), Абай облыстары (49,6%)) бойынша желілердің жөнделуі 50%-дан төмен орындалды», — деді І.Оспанов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 10 өңірде жұмыстардың орындалуы 50- 75% аралығында. Ал 6 өңірде жөндеу 75 пайыздан жоғары деңгейде атқарылды.

«Автономды қазандықтар да алдағы жылыту маусымына дейін дайындық кезеңінен өтеді. Биыл 13 мыңнан астам автономды қазандықтарды қысқа дайындау қажет. Жұмыс 80,7% орындалды, 11 мыңға жуық қазандық дайындалды. Басқа өңірлермен салыстырғанда, жұмыстың төмен қарқыны Алматы (55,1%), Жамбыл облыстарында (67,3%) және Шымкент қаласында (73,9%) байқалды», — деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алдағы жылу беру маусымына дайындығы төмен өңірлер аталды.

Другие новости

Back to top button