Выбор редакции

«Аватар-2» фильмін көріп отырған көрермен жүрек талмасынан көз жұмды

Үндістанда Педдапурам қаласында ер адам «Аватар: Су жолы» фильмін көріп, жүрек талмасынан о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі India Today сайтына сілтеме жасап.

 

Үнді жігіті киносеанс ортасында өзін нашар сезініп, есінен танып қалды. Кинотеатрға бірге барған ағасы оны дереу ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оны аман сақтап қала алмады.

Сондай-ақ, 2010 жылы Тайваньда «Аватардың» бірінші бөлімін көрген ер адам да қайтыс болды. Көрермен сюжет барысында қатты қобалжып, кейіпкерлер үшін қатты уайымдағаны соншалық – оның жүрегі шыдамаған. Жүрегі әлсіз 42 жастағы тайваньдық көз жұмды. Дәрігердің айтуынша, фильмды көру барысында шектен тыс қобалжығаннан жүрек талмасы болған.

Другие новости

Back to top button