ГлавноеГосорганы

“Ауылға қашқан”: Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Дәкебаев ұсталды

«Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру бойынша күдікті Нұрболат Дәкебаев қолға түсті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, «жедел жәрдем » жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдікті ұсталды.

Еске сала кетейік, Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Төреғали есімді жүргізушіның мұрны, қабырығасы сынып, көзі көрмей қалған. Полицейлер төбелескен адамның кім екенін анықтаған.

Другие новости

Back to top button