Госорганы

Ауылдағы медициналық инфрақұрылым 50% тозған

Ауылдағы медициналық инфрақұрылым шамамен 50%-ға тозған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдағы объектілерге инвентаризация жүргізілді, нәтижесінде 200-ден астам елдімекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық медициналық объекті жалдамалы, апатты немесе бейімделген ғимараттарда орналасқан», — деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

А. Ғинияттың айтуынша, ауылдағы медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медициналық инфрақұрылым 50%-ға тозған.

Сонымен бірге, ел халқына, оның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді.

Осылайша, 50 адамға дейінгі ауылдарда мейіргер медициналық көмекті үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайып, фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуға болады.

«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілердің қолжетімді ету үшін салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру жөніндегі норма енгізілді. Биылғы шілде айынан бастап 230 елдімекенде 75 мемлекеттік және 161 жеке дәріхана ашылды», — деді Ажар Ғиният.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі ауыл тұрғындарында жиі кездесетін ауруларды атаған еді.

Другие новости

Back to top button