ГлавноеГосорганы

«Аурудың таралуын тоқтату керек»: Смайылов қызылша жайлы

Вакцина егуді күшейту көзделіп отыр 

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес», — деді ол.

Смайылов екпе алуды күшейту қажеттігін айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет», — деді ол.

Другие новости

Back to top button