Костанайская область
Әулиекөл ауданында ер адамның денесі табылды
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті
Әулиекөл ауданында ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Alau.kz хабарлайды.
Әулиекөл ауданы Лесное ауылының 44 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған жергілікті тұрғын – 27 жастағы ер адам ұсталды.
Полицияға 2022 жылдың 27 шілдесінде Лесное ауылының тұрғынынан ұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түсті.
Тәртіп сақшылары 44 жастағы ер адамның денесін Лесное ауылынан 6 шақырым жердегі жырадан тапты. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.