Алматинская область

«Ауданымыздың барлық басшылығында бірде-бір қазақ жоқ»: Ұйғыр ауданы тұрғындары аудан аты өзгертілмесе киіз үй тігіп, наразылыққа шықпақ

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылының тұрғындары Ұйғыр ауданының атын ауыстыруды талап етіп, үндеу жариялады. Youtube желісінде видео үндеу қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындар Ұйғыр атауының атауының өзгеруі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады.

“Біз Кепебұлақ ауылының жүрегі қазақ деп соққан тұрғындары жиналып, осы мәселені көтеріп отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ұйғыр атауының атауын заңды түрде өзгертуге көмек сұраймыз. Біздің мақсатымыз ұлтаралық қақтығыс туғызу немесе екі ұлттың ортасына от салу емес. Біз тек осы уақытқа дейінгі Амандық Баталов секілді әкімдердің аудан атын ауыстырамыз деп берген уәделерінің орындалғанын қалаймыз. Қазақ қонақжай халық, бірақ қонағымызды төрге шығарғанымызбен басымызға шығармаған халықпыз.

Егер ұйғыр ұлты осы елді өз отаным деп санаса, су ішкен құдығына түкірмейтіні рас болса, осы аудан атауының қазақшалануына бірге үлес қоссын. Масанчиде дүнген-қазақ қақтығысы болған сияқты өз ауданымызда қазақ-ұйғыр қақтығысының болғанын қаламаймыз. Ауданымыздың барлық басшылығында шыны керек, ұйғыр ұлтының өкілі отыр. Атап айтсақ, білім бөлімі, аудан әкімі, ішкі істер басқармасы, медициналық ұйымдарға лайықты қазақ азаматтары бар екені бәрімізге белгілі. Барлық салада теңдік болуы керек деп ойлаймыз. Қазақ өз жерінде кемсітілмеуі керек. Егер билік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмесе бұлд түбіауыр салдарға әкеп соғады. Өйткені халық бұрыннан аудан атының қазақшалануын қалап, қолдап жүр. Ауданнан бөлек, Шонжы, Қалжат, Ақтан, Бахар, Добын және тағы басқа да атауларды қазақшаландыру керек деген ойдамыз. Бір айдың ішінде бізге билік өкілдері тиісті жауабын берсін. Егер жылы жабылып қала беретін болса заңды түрде құзырлы органдардың рұқсатын алып, аудан атауы ауысқанша осы арканың жанында киіз үй тігіп, қарсылық акцияларын жалғастыратын боламыз”,- дейді үндеу жариялаған жастар.

Мәселе жөнінде Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел пікір білдірді.

“Қыркүйек айының соңында Марат Сұлтанғазиевтің (Алматы облысының әкімі – авт) Ұйғыр ауданы тұрғындарымен кездесуі жоспарланған. Мәселе сол жерде талқыланады деп күтілуде”, – деп жауап берді әкімнің ресми өкілі.

Айта кетсек, Ұйғыр ауданы 1934 жылы құрылғаннан бері осылай аталып келеді. Соңғы жылдары жергілікті тұрғындар, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар ауданның атын өзгерту мәселесін қайта қайта көтеріп жүр. Бірақ, жоғары билік өкілдері бұл мәселені кейінге қалдырып келеді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 11 сәуірінде «Ұйғыр ауданының атауы Шарын немесе Қарадала ауданы деп өзгертілсін» деген петиция жарияланған болатын. Бүгінде ол 115 мыңнан астам қол жиналған. Оның 109 мыңға жуығы бастаманы қолдаса, 6 мыңнан астамы қарсы шыққан.

Другие новости

Back to top button