Социум

Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Тек еліміздің батыс аймақтарында жаңбыр жаууы мүмкін

Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің батыс аймақтарында Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайтындықтан, жаңбыр жаууы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі, шығыста және оңтүстік-шығыс аудандарының таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.

Астанада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Күндіз жел секундына 0-5 соғады. Күндіз 16-18, түнде 0-2 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метр жетеді. Күндіз 19-21, түнде 3-5 градус болады.

Шымкентте де ауа райы аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Күндіз 23-25, түнде 7-9 градус болады.

 

Другие новости

Back to top button