Социум

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Қазгидромет синоптиктері 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет РМК синоптиктерінің болжамынша жаңа жылдың алғашқы күні еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Другие новости

Back to top button