Социум

Ауа райы болжамы: Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Сонымен қатар көктайғақ болып, тұман түсетіні ескертілді

Қазгидромет РМК синоптиктерінің болжамында 5-қарашада еліміздің бірқатар аймақтарында көктайғақ, бұрқасын болады және тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысыды, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығыс бағытына ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с шығыс желі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, түнде облыстың солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Другие новости

Back to top button