Ауа райы: 7 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райына байланысты еліміздің 7 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.
Қостанай облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.