Культура

Атышулы блогер Мадлен қыздармен кездесу үшін 1 миллион 200 мың теңге алатынын айтты

Көпшілік арасында Мадлен лақап атымен танымал блогер Мәдина Мамадалиева ақылы кездесулерге ұсыныс қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Мадлен өзімен кездескісі келетін қыздарды жақсы жаңалықпен қуантты. Блогер қомақты қаржы ұсынса, қыздармен кездесу ұйымдастырып, бірге уақыт өткізетінін айтты.

“Мен сені өз көлігіммен алып кетемін. Екеуіміздің оңаша қалып, сөйлесуге үш сағат уақытымыз болады. Тек сен және мен жан сырымызды ақтарамыз. Сырларыңмен бөлісесің, мен саған өз құпияларыды айтамын. Тамақтанамыз, ішеміз, әңгіме айтып, энергия алмасамыз”, – деп жазды Мадлен.

Үш сағаттық кездесудің құны – 1 миллион 200 мың теңге.

Алайда мұндай мүмкіндікті тек қана қыздар қауымы пайдалана алады.

“Барлығы үш кездесу болады. Бір кездесудің бағасы – 1 миллион 200 мың теңге. Мен өз уақытымды бағалаймын. Тек қана қыздар. Жігіттер үшін сәл қымбаттау болады”, – дейді танымал блогер.

 

Другие новости

Back to top button