Атырауда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған әйел адамды аман алып қалды
Оқиға 7 қыркүйек күні болған
Атырауда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған әйел адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйек күні сағат 16:16 шамасында 102 операторына Вокзал маңы ықшам ауданы Бергалиева көшесінде орналасқан үйлердің бірінің 32 жастағы тұрғыны анасының пәтер есігін ішінен құлыптап алғаны жөнінде хабарлаған.
Аталған хабарлама бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің №10 учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына жедел жетіп, пәтер есігін ашқан. Пәтер ішінде 5-қабат терезесінен сыртта орналасқан салқындатқыш үстінде өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте тұрған азаматшаны көріп, дереу әрекет етіп құтқарып қалған.
Қала тұрғынын өлімнен аман алып қалған қос бірдей полиция капитаны Қобылан Мамитин мен Нұрсұлтан Абитовтың айтуынша, олардың әр секунды маңызды болған, сол үшін тез шешім қабылдап әрекет еткен.