Атырауская областьВыбор редакции

Атырауда көлік ұрлаған адам полицияға ұсталмау үшін қоқыс жәшігіне жасырынған

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты, деп хабарлайды Экспресс К.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, 5 желтоқсанда 20:00 шамасында 49 жастағы әйел «102-ге» хабарласып, 5 минут бұрын үйінің алдында оталып тұрған Nissan Almera-сын белгісіз адам айдап әкеткенін айтыпты. Тәртіп сақшылары «Сергек» бейнебақылау жүйесі арқылы автокөліктің Әлиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне хабар берген.

 

Жол сақшылары автокөлікті Махамбет және Сатыбалдиев көшелерінің қиылысында тоқтатпақ болады. Алайда күдікті полиция қызметкерлеріне бағынбай, қашқан. Онымен қоймай, жол ережесін бұзып, қарсы бағытта келе жатқан көлікті соққан. Кейін ізін жасырмақ болып, жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тығылып қалыпты.

 

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тексеру барысында 34 жастағы азаматтың «Автокөлікті айдап әкетуші» және «Қалта ұрысы» тізімдік санатында есепте тұрғаны анықталды,

— деп хабарлайды ІІМ ресми сайты.

Оқи отырыңыз:

Другие новости

Back to top button