Атырауская область

Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттары жиналып жатыр

Атырау қаласында қоғамдық көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 қарашада жергілікті уақытпен сағат 21:00 шамасында болған.

«Атырау қаласынан Индер ауданы бағытына салынған күре жолдың бойында орналасқан «Көктем» шағынауданына қатынап жүрген Youtong маркалы қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші аталған шағынауданның №27 көшесіндегі жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан. Апаттан 1988 жылғы жаяу жүргінші оқиға орында мерт болды. Ал, қоғамдық көліктің рулінде 37 жастағы жүргізушінің болғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинап жатыр.

Другие новости

Back to top button