Атырауская область

Атырауда атыс болып, бір адам қаза тапты

Сондай-ақ оқиғадан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді

Атырау қаласындағы шағынаудандардың бірінде бір топ жастар арасында жанжал шығып, арты атысқа ұласқан. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық оқиға бүгін, 21 қазанда таңертең Атырау-2 шағынауданында болған.

«21 қазанда сағат 4:14 шамасында қалалық полиция басқармасының «102» операторына Атырау облыстық ауруханасына кеуде тұсынан оқ жарақатын алған 2001 жылы туылған ер адамның мәйіті жеткізілгені туралы хабарланды. Сонымен қатар оқиғадан 2004 және 2005 жылдары туған екі адам зардап шеккен», — делінген ПД хабарламасында.

Зардап шеккендер облыстық ауруханада жатыр. Қақтығысқа қатысқандардың жеке тұлғасы анықталды.

«Атырау-2 ықшамауданында бір топ жігіт арасындағы жанжал болған. Жанжалға қатысы бар барлық адам анықталды,. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button