Атырауская область

Атырауда ана мен бала өртеніп кете жаздады

Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік жанып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлады Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру қызметі шақырту орнына дереу жетіп, жанып жатқан автокөліктің жанында орналасқан уақытша тұрғын үйге өрттің өту қаупі барын анықтады.

«Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде уақытша тұрғын үйден 1996 жылы туған ана мен оның 2025 жылы туған сәбиі түтін аумағынан эвакуацияланды», — деп жазылған хабарламада.

Оларға ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Уақытша тұрғын үйге жақын тұрақтаған автокөліктің өртенуі салдарынан үйдің есік-терезелері балқыған. Зардап шеккендер жоқ.

Другие новости

Back to top button