Атырауская область
Атырауда әйелінің мойнына пышақ қадап жасырынған ер адам ақыры ұсталды (ВИДЕО)
Полицейлер Атырауда көпқабатты үйдің кіреберісінде азаматтық некедегі әйеліне пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жүргізілген кешенді іс-шаралар мен жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 9 маусымда Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қала үйлерінің бірінің кіреберісінде 1991 жылы туған әйелді өлтірмек болған 1995 жылы туған күдіктіні анықтап, Ақтау қаласында ұстады», — деп хабарлады Атырау ПД баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Еске салайық, әйелдің халі ауыр.