Атырауская область

Атырау тұрғыны көлігін сызып кеткен адамды аяусыз соққыға жығып өлтірді (ВИДЕО)

Атырауда ер адам көлігін сызып кеткен адамды аяусыз соққыға жығып өлтірді. Оқиға «Дина» базарында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнебақылау камерасына ер адамның екінші бір азаматты аяусыз соққыға жыққаны түсіп қалған. Куәгерлердің сөзінше, жәбірленуші ер адам соққыға жыққан күдіктінің көлігін сызып кеткен. Кикілжің содан шыққан.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан», — делінген Атырау облысы ПД берген мәліметте.

Видео: https://t.me/kozachkow/

Другие новости

Back to top button