Госорганы

Атырау облысындағы қамыс өрті бүгін-ертең толық өшіріледі — Юрий Ильин

Атырау облысындағы қамыс өрті бүгін-ертең толық өшіріледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Барлық төтенше жағдайда түптеп келгенде адамдар зардап шегеді. Ал өртке қатысты төтенше жағдай көп жағдайда адами факторға байланысты. Табиғатта да, тұрмыстық жағдайда да өрттің 80 пайыздан астамына адамдар кінәлі», — деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол Атыраудағы қамыс өртіне заңсыз аң және балық аулаушылар кінәлі болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

«Қазіргі уақытта Атырау облысындағы ахуал бақылауда тұр. Дегенмен, адам аяғы немесе техника жетуі қиын жерлер бар. Біз өртті сөндіруге су шашатын құрылғысы бар әуе кемелерін қосымша жұмылдырдық. Меніңше, бүгін және ертең өрт ошағын толықтай өшіреміз», — деді Юрий Ильин.

Осыған дейін Каспий жағалауында қамыс өртімен күрес жалғасып жатқаны хабарланды.

Кеше жалынды сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Другие новости

Back to top button