Атырауская область

Атырау облысында киіктің неден қырылып жатқаны анықталды

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің мәліметінше, киіктің қырылуына пастереллез себеп болған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Киіктің алғашқы өлекселері қазан айында байқалған. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» ШЖҚ МКК зерттеу орталығына жіберілген жануарлардың органдары мен қанының үлгілері алынды. Сараптама нәтижелері бойынша ақбөкеннен пастереллез анықталды.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «Охотзоопром» РМҚК ветеринариялық қызметпен бірлесіп, ақбөкендердің өлекселерін жинау және кәдеге жаратумен айналысады.

Қараша айында екі рейд жүргізілді, оның барысында Сүйіндік және Азғыр аудандарының далаларында қырылып қалған киіктің 84 ұшасы жойылды. Жануарлар табылған аумақта дезинфекция жүргізілді.

Сүйіндік округінің әкімдігі қазіргі уақытта ірі қара малды пастереллезге қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Другие новости

Back to top button