Атырауская область

Атырау облысында бір отбасының 2 баласы суға кетті

Атырау облысының Құрманғазы ауылында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 1 тамыз күні түстен кейін болды. Облыстық ТЖД-ға Құрманғазы ауылынан шақыру сағат 14:53-те түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде бір отбасынан шыққан екі бала, 2015 жылы туған қыз және 2017 жылы туған ұл белгісіз жағдайда суға батып кеткені анықталды», — деп хабарлады ТЖД.

Қазір сүңгуірлер суға батқан балалардың денелерін іздеп жатыр. Опат болған балалардың ата-анасына шұғыл психологиялық көмек көрсетілуде.

Другие новости

Back to top button