ГлавноеГосорганы

«Ата жолы» картасы: шетел қазақтары қазақстандықтармен бірдей құқыққа ие болады

Бұл туралы Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлім етті

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев еліміздегі қазіргі көші-қон үрдісі туралы баяндады, хабарлайды Azattyq Ruhy ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қазіргі геосаяси ахуал мен көші-қон саясаты тұжырымдамасы аясындағы шаралар нәтижесінде соңғы 11 жылда алғаш рет көші-қон саласында оң үрдіс байқалып отыр. Елімізге негізінен ТМД, Қытай, Моңғолия және т.б. мемлекеттердің азаматтары тұрақты тұруға келеді. Көшіп келгендердің арасында биылдан бастап еңбекке қабілетті азаматтардың саны арта бастаған, олардың саны 7 мың 59 адамды құрап отыр.

«Мысалы, тұрақты тұруға келген 2500 адамның білімі – жоғары, ал 1655 адамның орта кәсіптік білімі бар, 2884 адамның білімі – орта», – деп нақтылады көші-қон саласының басшысы.

Сонымен қатар техникалық, экономикалық, медициналық, педагогикалық білімі бар шетел азаматтары Қазақстанға көптеп келуде.

«Ішкі көші-қон тұрақталды. Жыл басынан бері 160 мыңнан астам адам ел ішінде қоныс аударды. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 11%-ға төмен», – деді А. Ертаев.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

Бұл ретте спикердің айтуынша, елдегі ірі қалаларға көш тізгінін бұрған азаматтар көп, олардың үлес салмағы — 40%. Ең ірі үш қала – Астана, Алматы, Шымкент қалаларына негізініне облыс орталықтарынан, моноқалалардан және ауылдардан көшіп келушілер көп.

Бұдан басқа, комитет төрағасы көші-қон саясаты тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бірінші бағыт – білім миграциясы. Биыл Қазақстанның ЖОО-лары базасында шетелдік ЖОО-лардың 6 филиалы құрылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде биыл шетелдік студенттердің үлесі барлық студенттердің 4,1%-ынан 4,4%-ына дейін артқан.

Екінші бағыт – бизнес иммиграциясы аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру. А5 санатындағы инвесторлар шетелден жұмыс күшін тарту үшін рұқсат алмайтын болды. Жыл басынан бері 76 шетел азаматына осындай инвестор визасы берілген. Инвестор бизнесмендердің инвестициялық виза алуына қажетті төменгі шекті $300 мыңға дейін азайтылады. Сонымен қатар, А6 ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізіледі. Мұндай виза иелеріне еліміздің аумағына тұрақты тұру үшін ықтиярхат алу құқығы беріледі.

«Шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді. Ата жолы картасының басты ерекшелігі – шетелдік бауырларымыз өзге мемлекеттік азаматы болғанымен, өз азаматтарымызбен бірдей құқықтарға ие болады», – деді А. Ертаев

Другие новости

Back to top button