Алматы

Ата-анаңа айтпа, ақша беремін»: Қазақстанда ер адам кәмелетке толмаған балалардың жалаңаш суреттерін сатып алып отырған

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы TikTok әлеуметтік желісіндегі мониторинг барысында 7-10 жастағы кәмелетке толмаған қыздардың ересек ер адаммен хат алмасу фактілері анықталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары 27 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын анықтап, ұстады.
Айтуларынша, ер адам балаларға ақша ұсынып, жалаңаш суреттерін жүктеп, ата-аналарына бұл туралы айтпауды сұраған. Ол түскен суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерде жариялап отырған.
«Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 312-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттері бар материалдарды дайындау және тарату» бойынша алдын ала саралануда. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. , ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларының әлеуметтік желілерде не істейтінін мұқият бақылауды сұрады.

Другие новости

Back to top button