Госорганы

Астаналықтар жарық пен сусыз қалды: Энергетика министрлігі электр қуатының неге өшкенін түсіндірді

29 қазан күні кешке Астананың бірнеше аудандарында электр қуаты өшіп, тұрғындар сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Астанада жарықтың өшуіне байланысты бағдаршамдар мен көше жарығы жұмысын тоқтатты.

Энергетика министрлігі 21:58-де ВЛ-110кВ қалалық сақинасы бойынша авариялық өшу орын алғанын хабарлады.

“Астана-АЭК қосалқы станциясына Астана КС, Городская КС, Промзон КС Орталық КС, ВЛПР, Степная, ЧЛЗ, ПНФ қарайды. Астана энергетика ЖЭО 2-де қысқа тұйықталу салдарынан генерацияның толық төмендеуі байқалды.

110кВ Астана ЖЭО-2 ЦГПП электр беру желісін ажырату фактісі бойынша сол, оң тізбек ажыратылған.  Астана ЖЭО 2-де 110кВ, ЖЭО-2 шиналарының 1 және 2-жүйесі ажыратылды, генерацияны 530МВт-тан 120МВт-қа дейін төмендетті”, – деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

00:20 шамасында жарық барлық ауданда қосылды, бірақ су әлі де берілмеді.

Бұған дейін астаналықтар жарық пен сусыз қалғаны айтылды.

Другие новости

Back to top button