Культура

Астанадағы жаңа мешітке бас имам тағайындалды

Ол осыған дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы  Республикалық Бас мешітке имам тағайындалды. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін Бас мүфти Бас мешіт жамағатына имамды таныстырып, бұйрығын оқып берді.

«ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын» делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында.

 

Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады.

Айта кетсек, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарды.

 

Другие новости

Back to top button