Нур-Султан

Астанадағы бірнеше нысанға «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарланды

Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді

Нұр-Сұлтанда емханаларға, сауда ойын-сауық орталығына және соттың барлық ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

23 тамыз күні түнгі сағат 03:50-де «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік инспекторы хабарласып, әуежайдың электрондық поштасына елордалық соттардың ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтқан.

«Сағат 09:11-де «Park INN» қонақүйінің, емханалардың, сондай-ақ «Mega Silk Way» СОО-ның ғимараттарында бомба жасыру фактісі туралы хабарламалар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ», – делінген хабарламада.

 

 

Другие новости

Back to top button