Нур-Султан
Астанада үстіне футбол қақпасы құлап кеткен 10 жасар бала көз жұмды
Астанада 7 тамызда 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Оқушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім беру басқармасының мәліметінше оқушы мектеп аумағында болған.
«№10 мектеп аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Алған жарақаттарынан бала жан тапсырды», – деп мәлімдеді Астана қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Zakon.kz басылымының мәліметінше қазіргі таңда баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Білім беру басқармасы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады», – деп қосты ведомство өкілдері.