Нур-Султан

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі қолға түсті

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық «беделді» тұлғаны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, олар осы жылдың сәуір айында елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдіктеліп отыр, соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

«Сонымен бірге фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады дешен күлікке ілінді. Күдіктілер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген. Ал төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген», — делінген хабарламада.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Другие новости

Back to top button