Выбор редакцииНур-Султан

Астанада лифт ішінде мысықты теуіп, артынша дәрет сындырған ер адам ұсталды

Астанада полицейлер мысыққа қатегіздік танытқан ер адамды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Полиция мәліметінше әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу кезінде жігіттің Қошқарбаев көшесіндегі үйдің лифтінде мысықты теуіп, кейін дәрет сындырғаны анықталған.

Көп ұзамай Алматы аудандық полиция басқармасы тәртіп бұзушыны ұстады. Ол 19 жастағы қала тұрғыны екен.

“Күдіктіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» және 407-1-бабы «Жануарларға қатігездікпен қарау» бойынша екі әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Материал Астана әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді», – делінген полиция хабарламасында.

Другие новости

Back to top button