Нур-Султан

Астанада көпқабатты тұрғын үйден 22 жастағы жігіт құлап, мерт болды

Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінен жас жігіт құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Қалалық Полиция департаменті мәйіттің табылғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Елордада 22 жастағы тұрғынның денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды жан-жақты зерттеу мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — деп хабарлады қалалық ПД.

Другие новости

Back to top button