Главное

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады (видео)

Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды. Жараланғандар бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты Республика даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған.

Жарақат алғандарға медицина қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншіні қағып өлтіргені туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button