Нур-Султан

Астанада футбол алаңынан ер адамның денесі табылды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Биылғы 26 шілде күні сағат 10:11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», — делінген департамент хабарламасында.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Другие новости

Back to top button