ГлавноеНур-Султан

Астанада экс-министр Бишімбаевтың соты басталды

Елордада азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы қатігездікпен ұрып өлтірді делінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесі басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін сот Бишімбаетың ісін қарайтын 12 алқабиді таңдады. Оның 10-ы негізгі және 2-і қосалқы алқаби

Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып:

ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;

1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:

ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

Другие новости

Back to top button