Нур-Султан

Астанада екі жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Астанада екі жасар бала көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы терезеден құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қайғылы оқиға 6 шілдеде болды. Бүлдіршіннің анасы үйде болған, бірақ кенже баласына алаңдап, үлкені қараусыз қалған.

4 шілдеде Қостанайда осындай жағдай орын алды. Бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен үш жасар қыз құлап түсті. Бұл кезде нәресте аман қалды, бірақ жарақат алып, ауруханаға түсті.

Құтқарушылар ата-аналарды мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Мамандар көп қабатты үйлердің терезелеріне қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектесетін арнайы қорғаныс орнатуды ұсынады.

Другие новости

Back to top button