Нур-Султан

Астанада бүкіл балабақшалар 2 күнге жабылады

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге орай 3 және 4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордалық білім басқармасының хабарлауынша, Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді.

ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.

Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

Другие новости

Back to top button