Нур-Султан

Астанада бассейнде суға батып кете жаздаған бүлдіршінді құтқаруға 3-сынып оқушысы көмектесті

Астанада бассейндердің бірінде суға батып кете жаздаған бүлдіршінді құтқаруға 3-сынып оқушысы Инсар Асылқан көмектескен. Ол баланы бәрінен бұрын көріп көмек шақырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Бұл туралы журналист Динара Сәтжан Telegram каналында жариялаған. Журналистің айтуынша, баланың ұқыптылығы мен табандылығының арқасында тағы бір бүлдіршіннің өмірі аман қалған.

1 тамызда бала астаналық аквапаркте отбасымен демалып жатқан кезде су түбіне батып бара жатқан бүлдіршінді көрген. Ол дереу жақын маңдағы әйелді көмекке шақырған. Суға батып бара жатқан баланы алып шыққаннан кейін әйел оны реанимация жүргізетін кәсіби құтқарушыларға тапсырған.

Баланың анасының айтуынша, ол  суға өзі секіріп, бүлдіршінді өзі құтқарғысы келген. Ол дәл сол секундта бассейннің жанында болып, баланың өмірін сақтап қалғанына өте қуанышты.

Другие новости

Back to top button