Нур-Султан

Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі жас баланы азаптап өлтірген

Олар ұзақ жылға сотталды

Астанада жас баланы қинап өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық прокуратура өкілдері хабарлағандай, кінәлі адамдар балаға қарсы қатыгез қылмыс жасағаны үшін жазаланды.

«2022 жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату салдарынан оның өліміне әкеп соқты», — делінген ведомство хабарламасында.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

«Сотта  мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды», — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Другие новости

Back to top button