Нур-Султан

Астанада аулада самокатпен ойнап жүрген баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Астанада аулада самокатпен ойнап жүрген кішкентай баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға 2025 жылдың 14 шілдесінде Момышұлы көшесіне жақын орналасқан аулада болды.

«Hyundai» маркалы автокөлік жүргізушісі қозғалыс кезінде жол жүру бөлігін оң жақтан сол жаққа қарай самокатпен кесіп өткен кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан балаға медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Елорда полициясы жүргізушілерге үндеу жасап, тұрғын үйлердің маңында және аулаларда қозғалған кезде барынша мұқият болуды ескертеді, өйткені мұндай жерлерде балалар кенеттен пайда болуы мүмкін.

«Ата-аналарға балаларымен бірге самокат, велосипед және өзге де жеке қозғалыс құралдарын пайдаланған кезде, әсіресе жолды кесіп өтерде, қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыру қажет», – дейді тәртіп сақшылары.

Другие новости

Back to top button