Нур-Султан

Астанада аяқ киім дүкенінің сатушысын ер адам өлтіріп кеткен

Астанада 20 қазанда ер адам аяқ киім дүкеніне кіріп, кассирге пышақ ала жүгірген. 32 жастағы әйел алған жарақатынан дәрігерлер келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

POLICE_of_KZ Telegram арнасына мәліметінше, әйелді өлтіру кезінде жәбірленушінің жанында әріптесі болған, бірақ оған ер адам тиіспеген.

«Полицияға сағат 18.39 шамасында кісі өлімі бойынша қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу полиция жасағы аттанды. Келген бойда бұл факт расталды. Дүкеннен кассаның артында пышақ жарақаттарымен әйелдің мәйіті табылды. Елордалық полицейлер 32 жастағы ер адамды ұстады, заттай айғақ алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді министрлік.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Другие новости

Back to top button