Образование

Астана мен Қарағандыда ауа райына байланысты мектептегі сабақ тоқтатылды

Астана қаласы мен Қарағанды облысында оқушылар бүгін мектепке бармайды, деп хабарлайды Экспресс К

Ауа райының күрт суытуына байланысты Астана, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран қалаларында таңертең оқитын оқушылар сабақты онлайн түрде өтпек.

 

Астанада аяздың көтерілуі салдарынан 0-9 сыныптар арасында сабақ өтпейтін болса, өзге қалаларда 0-5 сыныптар босатылған.

 

Бүгін Теміртау қаласында 0-5 сыныптар қашықтан оқуға кірісті. Аяздың күшеюінен кейін білім бөлімі таңертең және түстен кейін оқитын сыныптарға үйден сабақ оқуға шешім қабылдады.

Теміртау қалалық білім бөлімі ата-аналар қолайсыз ауа райы жағдайында баланы мектепке жіберуді өздері шешетінін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button