Госорганы

Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған

Бүгін Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады.

Тасымалдаушы — «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының «AnadoluJet» еншілес кәсіпорны.

Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.

Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп болжанып отыр.

Другие новости

Back to top button