Астана мен Алматыда мемлекетке қайтарылған активтер аукционға шығарылды
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы e-qazyna веб-платформасында қайтарылған активтер аукциондық сауда-саттыққа шығатынын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.
ҚАШАН ӨТЕДІ
Қайтарылған активтер саудасы алдағы сауда-саттық 22 және 26 қарашаға жоспарланып отыр
САУДА НЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Астана:
- Тұрғын емес үй-жай (120,8 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17-үй, 6-т/е.ү. Бағалау құны — 84 444 497 теңге (+12% ҚҚС);
- Тұрғын емес үй-жай (175,0 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17-үй, 7-т/е.ү. Бағалау құны — 115 748 494 теңге (+12% ҚҚС);
- Тұрғын емес үй-жай (121,0 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17 үй, 8-т/е.ү. Бағалау құны — 84 584 305 теңге (+12% ҚҚС);
- Тұрғын емес үй-жай (176,1 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17 үй, 9-т/е.ү. Бағалау құны — 116 476 056 теңге (+12% ҚҚС).
Астана қаласындағы тұрғын емес үй-жайлар көліктің барлық түрлеріне кіріп-шығу ыңғайлы жерде орналасқан. Орналасқан жері елорданың оң және сол жағалауына шығатын оңтайлы бағытты таңдауға мүмкіндік береді.
Алматы
- Алматы қаласы бойынша: бір жер телімі, екі әкімшілік ғимарат және бизнестегі екі 100% үлес.
- Жер учаскесі (226,9192 га) — Наурызбай ауданы, Байтақ ш/а, 1287Б уч., кадастр нөмірі 20:322:041:052. Бағалау құны — 1 832 264 555 теңге;
- Жертөлесі мен төлесі бар 10 қабатты кеңсе ғимараты, «Көктем-2» ш/а, 22-үй. Бағалау құны— 4 377 184 000 теңге (+12% ҚҚС);
- Әкімшілік ғимарат, Байтұрсынұлы көшесі, 104А-үй. Бағалау құны— 1 822 991 453 теңге (+12% ҚҚС).
Сауда-саттық болатын күн: 2024 жылғы 22 қараша, сағат 10:00-де.
Ал 2024 жылғы 26 қарашада сағат 10:00-де екі актив бойынша — төмендегі компаниялардың 100% үлестері бойынша сауда-саттық өтеді:
- «Zharkent Su» ЖШС (Алматы қ., Түрксіб ауданы) — суды жинау және тарату жөніндегі компания. Бағалау құны — 593 139 151 теңге;
- «Тұлпар» ЖШС (Алматы қ., Әуезов ауданы) — жылу энергиясын өндіруші бизнес. Бағалау құны — 991 469 139 теңге.
Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарна енгізіп, көрсетілген мерзімге дейін өтінім беру қажет. Сауда-саттық әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік беретін онлайн-форматта өтеді.
– Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ашық, әрі айқын жұмыс істейді. Активтер мен олардың бағалау құны туралы ақпарат ресми сайтта жарияланған, – делінген компанияның хабарламасында.
Бұған дейін мемлекетке қайтарылған активтер ішіндегі 12 млрд теңге сомасы әлеуметтік жобаларға жұмсалатыны хабарланған еді.