Нур-Султан

Астана маңына блокпостар қойылып жатыр – қалаға кіріп-шығуда кедергі бола ма (ВИДЕО)

Бүгін Сенат кулуарында журналистерді сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев  ШЫҰ Саммитіне байланысты қала маңына блокпостар қойылып жатқанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтпек.

«Қазір полиция күшейтілген режимдегі жұмысқа ауысты. Елімізде, Астанамызда геосаяси мәселелерде саяси салмағы бар үлкен іс шара-өткелі жатыр. Сондықтан, полиция күшейтілген режимге көқшті. Бұл Қазақстанда  ғғана емес, әлемде бар тәжрибе бар. Біз халықтың қауіпсіздігі үшін, халыққа ыңғайлы болу үшін тиісті шаралар қабылдап жатырмыз», — деген ол Астана маңында блокпостар орнатылған растады.

Дегенмен, министрдің орынбасары неше блокпост қойылып жатқанын құпия күйінде сақтауды жөн көрді. Дегенмен, Марат Қожаевтың айтуынша, ШЫҰ кезінде Астананы шамамен 6-7 мың полиция қызметкері патрульдейді.

«Бірақ, қала тұрғындарының жүріп-тұруына кедергі болмайды. Қала жабылмайды», — деп мәлім етті Қожаев.

Другие новости

Back to top button