Нур-Султан

Астана халықаралық форумы басталды

Астана халықаралық форумы (ХФА) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және орнықтылық, энергетика және климат өзгерісі, сондай-ақ экономика және қаржы саласындағы негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешуге бағытталған бірегей форматқа ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның тақырыбы – «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».

Бүгінде әлем жедел іс-қимыл мен келісілген күш-жігерді қажет ететін мәселелерге тап болып отыр.

Көптеген мәселелерді мүдделі тараптар арасындағы диалог пен ынтымақтастықсыз шешу мүмкін емес. Тек диалог пен ынтымақтастық арқылы неғұрлым тұрақты және әділ әлем құра аламыз.

photo

АХФ эксклюзивті сипатқа ие, оған 300-ге жуық танымал шетелдік спикер қатысады. Жалпы, форумға барлығы 1000-ға жуық адам қатысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, форум елімізге инвестор тарту үшін маңызы зор шара саналады.

АХФ – ең үлкен диалог алаңы, оны «Азиялық Давос» деп санауға болады. Қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылау және сарапшылар тобының қатысуымен олардың шешімін іздеу – шараның ең маңызды міндеті.

photo

Қазіргі жағдайда Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың халықаралық пікірталас орны болуға мүмкіндігі бар.

Бұл жағдай — еліміздің дамуына қажетті елеулі инвестициялық үлесті қамтамасыз етеді. Сауданы дамытуға және ірі компаниялармен, қаржы институттарымен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Отандық тауарларды сату және экспортқа шығару үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форум қарсаңында, яғни кеше, 7 маусымда, АХҚО ұйымдастырған Astana Finance Days халықаралық конференциясы өтті.

8 маусымда жалпы отырыстан кейін шетелдік инвесторлар кеңесі өтеді.

photo

Форум Еуразиядағы сарапшылар үшін басты диалог алаңдарының бірі, нәтижелі және беделді шара болмақ.

Іс-шараның маңыздылығы шақырылған спикерлер мен делегаттардың деңгейі көрсетіп тұр.

Олар – елдер мен халықаралық ұйымдардың, саясаткерлердің, ғалымдар мен экономистердің әлемдегі және аймақтағы қазіргі жағдайға көзқарастарымен бөлісетін, қазіргі проблемалардың ықтимал шешімдерін талқылайтын алдыңғы қатарлы тұлғалары.

photo

Халықаралық инвесторларды тарту, елде және әлемде экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыру үшін жаңа идеялармен алмасу форумның тиімділігін көрсетеді.

photo

Другие новости

Back to top button