ГлавноеГосорганы

Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Парламент депутаттарының Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Бұған дейін парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын.

«Депутаттардың бұл бастамасы туралы президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтінішіне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді», — деп мәлімдеді президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуға тиіс.

2 қыркүйекте мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елордаға Астана атауын қайтару туралы бастама көтерді.

Еске салсақ, 2019 жылы 23 наурызда Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының атын мәңгі сақтау үшін елорда атауын өзгертуді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты парламент пен қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаған еді.

Другие новости

Back to top button