Госорганы

Астана атауын өзгертуге қанша шығын кетеді?

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министр бүгін өткен Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында елорданың бұрынғы атауын қайтаруға қанша қаржы жұмсалатындығы туралы сұраққа жауап берді.

Қаражат жағын айтар болсақ, қалалық мәслихат астананың атауын өзгертуге қатысты өткізген отырыстары кезінде бұл мәселені қараған. Олардың айтуынша, ешқандай қосымша шығын (елорда атауын өзгерту кезінде – ред.) болмайды. Өйткені бүкіл көшелердің атауы жазылған жазуларды шұғыл түрде ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл жоспарлы түрде бөлінген бюджет қаражатының есебінен жасалады. Қазіргі таңда құжаттармен айналысу цифрлық түрде жүргізілетіндіктен ешқандай шығын туындатпайды, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Бүгін өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттары ел астанасының атауын өзгертуді қолдап дауыс берген болатын.

Республикамыздың елордасы атауын Астана деп өзгерту мәселесі «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасында қамтылған болатын.

Астана атауын өзгерту туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысын Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бір ауыздан қолдады.

Другие новости

Back to top button