Госорганы
Ассамблея қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа кезеңіне қадам басты – Геннадий Шиповских

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның болашақ даму стратегиясын белгілеп берді. Бұл жөнінде Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сенатордың айтуынша, Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы ұйым жұмысының бір белесі ғана, алдағы уақытта оның қызметі жаңа бағытта дамып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қоса береді.
«Ең бастысы еліміздегі бірлікті, тұтастықты сақтау. Қоғамдық келісім мен бейбітшілікке негізделген дәстүрлерді одан әрі дамытып, дәріптеу Ассамблея жұмысының басты бағыты», — деді Шиповских.
Ол сондай-ақ Ассамблеяның қызметі заман талабына сай жаңғыртылып, халықтар достығы мен татулығын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.